Мемлекеттік Ту

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы — 1:2.
Күн мен 32 шұғыла
Өмір мен байлықтың символы. 32 шұғыла — астық дәндерін білдіреді
Дала қыраны
Еркіндік, биік мақсат, күш-қуат пен батылдықтың символы
Көгілдір түс
Аспан, бейбітшілік. Түркі халықтарының қасиетті түсі
Ұлттық өрнек
«Қошқар мүйіз» оюы — қазақ халқының мәдени мұрасы
Автор: Шәкен Ниязбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
Мемлекеттік Елтаңба

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы тұлпарлар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде бесағалы жұлдыз, төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу орналасқан.
Шаңырақ
Киіз үйдің күмбезі — отбасы, ортақ үй, Отан символы. Елтаңбаның жүрегі
Тұлпарлар
Батылдық, күш-қуат. Қанаттары — халықтың мың жылдық арманы
Бесағалы жұлдыз
Әр адамның жүрегіндегі арман мен мақсаттың символы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
«Менің Қазақстаным» — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны. 2006 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіліп, еліміздің Мемлекеттік Әнұраны ретінде бекітілді. Алғаш рет 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Мемлекеттік Әнұранды тыңдаған немесе орындаған кезде азаматтар орнынан тұрып, оң қолын жүрекке қояды.
https://www.youtube.com/watch?v=T4OzEkipWRs&list=RDT4OzEkipWRs&start_radio=1
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!





