Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

25 мамыр – мектеп бітіру салтанатты іс-шарасы өтті

25 мамыр – мектеп бітіру салтанатты іс-шарасы өтті

Бұл күн – балалық шақпен қимай қоштасып, арман мен үмітке толы жаңа өмірге қадам басатын айрықша сәт. Соңғы қоңыраудың сыңғыры – жүректе мәңгі сақталатын естеліктердің, ұстазға деген алғыстың және жарқын болашаққа бастар ақ жолдың символы.

Мектеп қабырғасында өткен әр күн – білім мен тәрбиенің, достық пен ізгіліктің, өмірлік құндылықтардың бастауы. Ендігі міндет – сол іргетасты биік мақсаттарға жетелеу, ел үмітін ақтайтын білімді, парасатты тұлға болу.

Құрметті түлектер!
Алдағы сапарларың сәттілікке толы болсын, жолдарың ашық, талаптарың биік, армандарың асқақ болсын!

Болсаңдар кең даланың керме иығы,
Кішілік - кісіліктің өр биігі.
Қаншама мамандық бар жер бетінде,
Ішінде адам болу ең қиыны!

Ақ жол, сәт сапар, жас түлектер!https://www.instagram.com/reel/DYwiehdzFeG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==