«АДАЛ АЗАМАТ – АДАЛ ЕҢБЕК – АДАЛ ТАБЫС»
Бүгін мектебімізде «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік пен еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру, маңдай термен келген табыстың қадірін түсіндіру.
Сабақ барысында оқушылар адал азамат болудың маңыздылығы, еңбектің адам өміріндегі орны, адал жолмен жетістікке жету туралы ой бөлісіп, өз көзқарастарын ортаға салды.
Адалдық – адамдықтың белгісі, еңбек – табыстың кілті, ал адал табыс – жарқын болашақтың негізі!
Білімді, саналы, еңбекқор әрі жауапты ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз!
#АдалАзамат #АдалЕңбек #АдалТабыс #БіртұтасТәрбие #68МектепГимназия





