Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

АЛЖИР» МУЗЕЙІНЕ ТАҒЫЛЫМДЫ ЭКСКУРСИЯ

АЛЖИР» МУЗЕЙІНЕ ТАҒЫЛЫМДЫ ЭКСКУРСИЯ

Бүгін Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының 9–10-сынып оқушылары ұстаздарымен бірге Ақмола облысы, Целиноград ауданында орналасқан «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының музей-мемориалдық кешеніне экскурсия жасады.

Экскурсия «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың тарихи танымын кеңейтуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға және өткен тарихқа құрметпен қарауға бағытталды.

Музей экспозицияларымен танысу барысында оқушылар халқымыздың басынан өткен қасіретті кезеңдер туралы мәлімет алып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырымен танысты. Тарихи деректер арқылы жазықсыз жапа шеккен азаматтардың өмір жолын зерделеп, тәуелсіздіктің қадірін түсініп, ел тарихынан тағылым алды.

Мұндай танымдық экскурсиялар жас ұрпақтың бойында адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік пен тарихи жадыны сақтау қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Өткенді ұмытпау – болашақ алдындағы жауапкершілік. Тарихын таныған ұрпақтың рухы биік, болашағы жарқын!

https://www.instagram.com/p/DeebOmYjTKU/?hl=ru&img_index=12