Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

«БАЛА ТОЛАҒАЙ» — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА!

    «БАЛА ТОЛАҒАЙ» — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА!

    Астана қаласы Сарыарқа ауданында өткен «Бала Толағай» ұлттық спорттық жарысында мектебіміздің командасы І орынға ие болып, мерейімізді асқақтатты! 🥇

    Байрақты бәсекеде оқушыларымыз күш-қайратын, ептілігі мен шапшаңдығын көрсетіп, ұйымшылдық пен командалық бірліктің жарқын үлгісін танытты. Жарысқа бірнеше мектептің оқушылары қатысып, өзара бақ сынасты.

    Іс-шараның құрметті қонағы ретінде танымал спортшы Темір Спатаев қатысып, жарыстың маңызын арттыра түсті.

    Бұл жеңіс — оқушыларымыздың табандылығының, бірлігінің және жеңіске деген жігерінің нәтижесі!

    Жеңісті күндеріміз көп болсын! Мектебіміздің абыройын асқақтатқан оқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! 🎉

    https://www.instagram.com/p/DelO6b9DfUl/?hl=ru&img_index=1

    #БалаТолағай #Толағай #АдалАзамат #ҰлттықСпорт #жеңіс