Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

Буллинг пен құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет

https://www.instagram.com/p/Dc-iug9jc6h/?hl=ru&img_index=1

Буллинг пен құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет
07-қыркүйек 2026 жылы Астана қаласы Сарыарқа ауданы полиция басқармасы ЮПБ инспекторы полиция майоры С.У. Тургунова 5-11 сынып оқушылармен буллингтің және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында қорлау, кемсіту, күш көрсету, бопсалау, кибербуллинг және бөтеннің мүлкіне зиян келтіру әрекеттерінің салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Оқушыларға мектептегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, өзара сыйластық таныту, жанжалдан аулақ болу және күмәнді жағдайларда мәселені жасырмай, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне, психологке немесе ата-анасына хабарлау қажеттігі түсіндірілді.
Әрбір оқушының қауіпсіз ортада білім алуға құқығы бар. Буллингке жол бермеу, заң мен тәртіпті сақтау және бір-біріне құрметпен қарау – баршамызға ортақ жауапкершілік. «Құқық бұзушылықтың алдын алу – қауіпсіз болашақтың кепілі!» #тәртіп #мектеп #заң #қауіпсізмектеп #астанамектеп