“Қауіпсіз мектеп-бақытты балалық шақ”
Мектебіміздің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және педагог-психологы Рустемова Жанар Тлеубергеновна білім алушыларды 2-тоқсанның басталуымен құттықтап, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, профилактикалық жұмыстар және қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында төмендегі бағыттарға ерекше назар аударылды:
1. «Адал азамат» бағдарламасы – ұлттық құндылықтар, адалдық, жауапкершілік және отансүйгіштік.
2. Профилактика – құқықбұзушылық, буллинг, кибербуллинг және зорлық-зомбылықтың алдын алу.
3. №26 бұйрық талаптары – мектептің ішкі тәртіп ережелері мен бірыңғай талаптарды сақтау.
4. Психологиялық қауіпсіздік – өзара сыйластық, жағымды қарым-қатынас және психологиялық саулық.
5. Жеке қауіпсіздік – жолда жүру, өрт, интернет және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері.
Оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білу, тәртіп сақтау, қауіпсіздік ережелерін орындау және бір-біріне құрметпен қарау қажеттігі түсіндірілді.
Мақсатымыз – қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырып, саналы, тәрбиелі әрі жауапты ұрпақ тәрбиелеу!





