Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Құрметті ата-аналар, 2026 жылғы 27 қазан мен 1 қараша аралығында оқушылардың күзгі демалысы өтеді.

Осы кезеңде балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау — баршамызға ортақ міндет.

⚠️ Назар аударыңыздар!

🔹 Балаларыңыздың қайда жүргенін, кімдермен араласатынын және бос уақытын қалай өткізетінін қадағалаңыздар.

🔹 Әсіресе, 26 қазандағы мерекелік демалыс күндері балалардың негізсіз топтарға қосылуына, түрлі арандатушылық әрекеттерге тартылуына жол бермей, олардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыздар.

🔹 Балаларға қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік ережелерін орындау және кез келген күмәнді жағдайдан аулақ болу қажеттігін түсіндіріңіздер.

🔹 Ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді құрметтеуге тәрбиелей отырып, «Halloween» мерекесін тойлауға жол бермеуге шақырамыз.

🤝 Бала қауіпсіздігі — ортақ жауапкершілік! Әрбір ата-ананы күзгі демалыс кезінде балаларына көңіл бөліп, олардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Балаға қамқорлық көрсету — оның қауіпсіз болашағына жасалған маңызды қадам!

Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия әкімшілігі

#68мектепгимназия #КүзгіДемалыс #БалаҚауіпсіздігі #АтаАнаЖауапкершілігі #АдалАзамат