20 МАМЫР МЕКТЕБІМІЗДЕ «ТОЛАҒАЙ: ЖЕТІСТІК ПЕН ЖІГЕР ЖОЛЫ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
«Толағай: жетістік пен жігер жолы» атты қалалық конференциясына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» директоры Абишева Гульнара Абдрахманқызы, Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығының басшысы Дәуешова Сындар Мұратқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ директоры Байтасов Дидар Дулатұлы, Астана қалалық әкелер одағының төрағасы Күзембай Бекдайыр Нығметұлы, Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының басшысы Сыздыков Ғинаят Хамитұлы, «Толағай» жобасының авторы, рекордсмен Темір Спатай мырза т.б. көптеген қадірлі қонақтар қатысты.
Бұл конференцияның басты мақсаты – оқушылар арасында ұлттық ойындарды дәріптеу, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану.
Ұлттық құндылық — ұрпақ тәрбиесінің өзегі. Бүгінде балаларды телефоннан алыстатып, пайдалы іске баулу — қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта ұлттық спорт түрлерін насихаттайтын «Толағай» үйірмелері оқушылардың қызығушылығын арттырып келеді.
Ләңгі тебу, найза лақтыру, серке көтеру сынды ұлттық ойындар арқылы жасөспірімдер ептілікке, шыдамдылыққа және рухани тәрбиеге бейімделуде. Ұлттық спорт — тек дене шынықтыру емес, ол ата-баба мұрасын дәріптеп, ұлт рухын жаңғыртатын құндылық.
«Толағай: жетістік пен жігер жолы» атты қалалық конференция бұл Толағай жлбаларының жылдық есеп беру қорытынды іс-шарасы.
https://www.instagram.com/reel/DY682oRTKit/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
#толағай
#68мектепгимназия
#ұлттықспорт





