Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

Мектеп президенті мен вице-президентін ұлықтау рәсімі!

Мектеп президенті мен вице-президентін ұлықтау рәсімі!

Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында жаңадан сайланған мектеп @68_mektep_parlament президенті Ербулат Райян мен вице-президент Бейсенбаева Айнажанның ұлықтау рәсімі салтанатты түрде өтті! 🎉

✨ Іс-шара барысында мектеп директоры Сарсембекова Лаура Жолмұхаметқызы құттықтау сөз сөйлеп, жаңа басшыларға сәттілік тіледі. Мектеп президенті мен вице-президенті өз кезегінде оқушылардың сенімін ақтап, мектеп өмірін жандандыруға, оқушылардың бастамаларын қолдауға және мектептің дамуына үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.
🎤 Салтанатты рәсім мерекелік ән шашу және әсем дуэтпен, домбыраның үнімен жалғасын тапты.