Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Іс-шара барысында білім алушылар Конституцияның негізгі құндылықтары, адам құқықтары мен міндеттері, заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды. 📚 Адал азамат болу – өз еліңді құрметтеуден, заңды сақтаудан және өз ісіңе жауапкершілікпен қараудан басталады.
Жас ұрпақтың бойына біліммен қатар адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік және қоғамдық құндылықтарды сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
🇰🇿 Конституция – ел бірлігінің, тұрақтылықтың және жарқын болашақтың берік негізі!#адалазамат #мектеп #астанамектеп #сыныпсағаты





