Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АУҚЫМДЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТ!

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АУҚЫМДЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТ!

✨ Тәуелсіздік бастауы – Республика күні!

Еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Республика күніне орай Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында ауқымды мерекелік концерт ұйымдастырылды.

🎤 Мерекелік іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.

🎶 Концерт барысында әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер орындалып, жалынды билер мен патриоттық қойылымдар көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Өнер көрсеткен оқушылар өздерінің талантын танытып, мерекенің сәнін келтірді.

🇰🇿 Республика күні – елдігімізді айшықтайтын, бірлігімізді бекемдеп, тәуелсіздігімізді дәріптейтін ұлы мереке. Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың бойында ұлттық рухты нығайтып, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыра түседі.

Барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, береке-бірлік, жарқын болашақ тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбіресін! 💙

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Қазақстанымыз мәңгі жасасын!

#РеспубликаКүні #МеніңҚазақстаным #АдалАзамат