Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

«Speak Up» ағылшын тіліндегі жазғы лагерінде оқушылардың коммуникативтік дағдыларын арттыру, жұппен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында қорытынды қызықты күн өтті.

Іс-шара барысында оқушылар өзара жұптарға бөлініп, тілдесу мен шапшаңдықты талап ететін интерактивті ойындарға белсене қатысты. Бұл кезең балалардың бір-бірін тыңдау, бірлесіп шешім қабылдау және ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын шыңдай түсті.

Күннің екінші бөлігінде оқушылар өздерінің қиялы мен шығармашылық идеяларына ерік беріп, «My dream summer» (Менің армандаған жазым) тақырыбында жарқын суреттер салды. Әр бала өзінің болашақ демалысы мен саяхаттары туралы ойларын ақ қағазға түсіріп, ағылшын тілінде қорғап шықты.

Күннің қорытынды бөлігінде лагерь бағдарламасын сәтті тәмамдап, белсенділік танытқан барлық оқушыларға лагерьге қатысқаны туралы арнайы сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, күнді көтеріңкі көңіл-күймен аяқтады.

Жетекшілері:
Турсинова А.
Қалыбек Т.