ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – КӘСІБИ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ!
Бүгін Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясына Бурабай өңірінен білім беру саласының әріптестері арнайы іссапармен келіп, тәжірибе алмасу кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қонақтар мектебіміздің тыныс-тіршілігімен, оқу-тәрбие үдерісімен, білім беру бағытындағы жұмыстарымен және жетістіктерімен танысты. Мектеп ұжымы әріптестерге білім ордасының жұмыс жүйесін таныстырып, өзара тәжірибе бөлісуге мүмкіндік жасады.
Кездесу өзара ынтымақтастықты нығайтып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жүргізуге, ортақ жобаларды жүзеге асыруға және кәсіби байланысты дамытуға бағытталды.
Білім жолындағы бірлік – ортақ жетістіктің бастауы!
Ізгі ниетпен келген әріптестерімізге алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта да өзара қолдау мен ынтымақтастық аясында нәтижелі жұмыстар атқарылады деп сенеміз!
#ТәжірибеАлмасу #КәсібиДаму #Ынтымақтастық #Мектеп68 #БілімБерудегіСеріктестік





