Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

Тілдер мерекесіне орай мектебімізде «Тіл – ұлттың жаны» атты іс-шара және зияткерлік сайыс өткізілді.

Бүгін, 4 қыркүйек күні Тілдер мерекесіне орай мектебімізде «Тіл – ұлттың жаны» атты іс-шара және зияткерлік сайыс өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру, білімдерін жетілдіру және оқушылардың ойлау қабілеті мен тапқырлығын дамыту.

Бүгінгі іс-шараға 1 «Д», 2 «В», 7 «Б», 7 «В» сыныптарының оқушылары белсенді қатысып, ән айтып, мәнерлер өлеңдер оқып және де өз білімдері мен шапшаңдықтарын көрсетті.

Іс-шара ары қарай зияткерлік сайыспен жалғасты.
Қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсіп, қазақ тілі, әдебиет және жалпы білімге қатысты қызықты сұрақтарға жауап берді.

Сайыс барысында оқушылар өзара білім жарыстырып қана қоймай, топпен жұмыс жасау, жылдам шешім қабылдау және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын көрсетті.

Іс-шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталып, оқушыларға алғыс білдірілді.

Тіл – халықтың рухани қазынасы, ұлттың болмысын айқындайтын баға жетпес құндылық. Ана тілімізді құрметтеу – әрқайсымыздың парызымыз!

Бүгінгі іс-шараға жауапты болған мұғалімдер:
Бакишева М, Серік Д, Аманкелді Ш, Нурушова Ж өз алғысымызды білдіреміз!

https://www.instagram.com/p/Dc3bvyyjcUk/?hl=ru&img_index=1

#ТілдерМерекесі
#ТілҰлттыңЖаны
#ЗияткерлікСайыс
#ҚазақТілі
#тілгеқұрмет