Қыздар жиналысы СӘТТІ ӨТТІ!
11.04.2025 ж. | 118-кабинет
Бүгін 7–11-сынып қыздарымен жоспарлы жиналыс өткізілді.
Маңызды тақырыптар қозғалып, пікір алмасу болды.
Белсенділік танытқан барлық қыздарға және сынып жетекшілеріне алғыс білдіреміз!
Бірге дамимыз, бірге өсеміз!
“ҚАУІПСІЗ ОРТА – БАЛАНЫҢ БАҚЫТТЫ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ”
Мектебімізде маңызды кездесу өтті.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:
1. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі;
2. 5-8, 10 сыныптар бойынша аралық аттестаттау барысы;
3. 9 және 11 сыныптар үшін қорытынды аттестаттауға дайындық;
4. 1-сыныпқа қабылдау тәртібі;
5. Мектеп формасына қойылатын талаптар;
6. Жазғы демалыс лагері туралы ақпарат.
Ата-аналармен тиімді кері байланыс орнатылып, өзекті сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Баланы қолдау – болашақты қорғау!
20 НАУРЫЗ – АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ!
💡 “Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына” атты бірыңғай ашық есік күні өтті!
📅 Күні: 20 наурыз
🕒 Уақыты: 15:00
Іс-шара барысында ата-аналар мен оқушылар үшін түрлі форматтағы қызықты алаңдар ұйымдастырылды:
🔹 Q-TALKS – 2-сынып ұстаздарының жетекшілігімен мазмұнды пікірталастар өтті.
🔹 World Café – Нұргүл С, Диана Б, Шынар З, Әсем У сынды ұстаздарымыздың ұйымдастыруымен еркін әңгімелесу алаңы құрылды.
🔹 Training, Workshop – Бибігүл Т, Салтанат К, Нұргүл Ж, Айгүл А жетекшілігімен тәжірибелік тренингтер өткізілді.
🌟 Ашық есік күні барысында ата-аналар мен оқушылар отбасы құндылықтарының маңыздылығы туралы пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісті. Іс-шара әсерлі, жылы атмосферада өтті!
Сынып жетекшілік: сынып мәселелері және бірлескен шешімдер
2025 жыл 01-09 сәуір аралығында кезекті сынып жетекшілер отырысы болып өтті. Мақсаты - оқушыларды қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге ықпал жасау. Мектеп-гимназия директоры Л.Сарсембекова күн тәртібінде келесі мәселелерді атап өтті:
Сынып жетекшілік: сынып мәселелері және бірлескен шешім;
Оқушылардың 3-тоқсандағы білім сапасының салыстырмалы мониторингі;
Сынып жетекші – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы;
2024-2025 оқу жылының 3- тоқсанына сараптама жасалды. Оқушылардың оқу үлгерімдері мен білім сапасы. Ондағы олқылықтар мен жетістіктері туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Молдаханова, Ж.Кузембаева баяндады.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Рустемова үштік одақ (мектеп, ата-ана, оқушы) арасындағы қарым қатынастың, оның ішінде ішкі тыныштық, сүйіспеншілік пен ақиқат, дұрыс әрекеттің дұрыс нәтижеге қол жеткізетіндігін атап өтті.
Оқушы үні, кибербуллинг, сынып жетекшінің лауазымдық нұсқаулығы мен біліктілігі туралы педагог-психолог Р.Сайлаубаева ұйымдастырды. Кеңеске қатысқан барлық ұжым қамтылып, белсене араласа өз пікірлері мен тәжірибелерімен бөлісті.
Оқушы мүддесіне бағытталған жұмыстар оқу жылының соңғы тоқсанында тиянақталып, нақты жетістіктерге қол жеткізу көзделуде.
07 желтоқсан 2024 жылы сағат 17:00-де мектептің акт залында ”Құмарлықты басқару дағдыларын дамыту” тақырыбында “Бірыңғай ашық есік күні”аясында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналыстың мақсаты – ата-аналарды құмарлықтың адам өміріне, оның физикалық, психологиялық және әлеуметтік аспектілеріне әсері туралы ақпараттандыру және оны басқару дағдыларын дамыту.
Жиналыс бағдарламасы:
1. ”Құмарлықтың адам өміріне әсері”
Баяндамашы: Қамқоршылық кеңес төрағасы – Қайрат Мысырғажыұлы
2. ”Құмарлықты басқару дағдыларын дамыту” және оның физикалық, психологиялық және әлеуметтік әсері
Баяндамашы: ДТЖО – Жанар Тлеубергеновна
3. ”Құмарлықтың әлеуметтік орта мен қарым-қатынастарға әсері”
Баяндамашы: Сарыарқа ауданының полиция капитаны – Наурызбаев Азамат
4. “Салауатты өмір салты”
Баяндамашы: №5 Отбасылық денсаулық орталығының дәрігері – Рәзия Құдайбергенқызы
5. ІІ тоқсан БЖБ, ТЖБ қорытындысы
Баяндамашы: пән мұғалімдері
Аймақтарға бөліну арқылы іс-шаралар:
Жиналыс барысында қатысушылар 8 аймаққа бөлініп, түрлі тақырыптарда пікір алмасып, тәжірибе жинақтады:
- 1-аймақ: “Құмарлықтың адам өміріне әсері”
- 2-аймақ: “Құмарлықтың физикалық, психологиялық және әлеуметтік аспектілеріне әсері”
- 3-аймақ:“Құмарлықтың әлеуметтік орта мен қарым-қатынастарға әсері”
- 4-аймақ: “Салауатты өмір салты”
- 5-аймақ:Кітапханалық квест
- 6-аймақ:”Құмарлықпен күресудің құралдары”
- 7-аймақ: БЖБ, ТЖБ талдауы
- 8-аймақ: “8 минуттық оқу”
Қорытынды:
Жиналыс ата-аналардың жоғары қызығушылығын тудырып, құмарлық мәселесіне қарсы тұру жолдары талқыланды. Осындай іс-шаралар отбасылық құндылықтарды нығайтуға және балалардың қауіпсіз болашағын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Астанада Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған фото және архив құжаттарының көрмесі мен дөңгелек үстел өтті
Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы аясында “Міржақып шәкірттері” шығармашылық тобының ұйымдастыруымен 8-9 сыныптар арасында “ Жас журналистер” эссе жазу байқауы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша
1-орын Мағауия Ақниет Мағауияқызы
2-орын Бақытқызы Жұлдыз
3-орын Нағашыбаева Жансауле
Белсенді қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз.
Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек!
Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп -гимназия ұжымы, Алаш қайраткері, ұлт көсемі Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілетін жылдық іс-шаралар жоспарын ұсынды.
Кітапханада қазақтың көрнекті жазушысы, тарихи романдардың авторы Мұхтар Мағауиннің шығармашылығына арналған оқырман конференциясы өтті.
Төлеубекова Т.Т. жетекшілік ететін
8"Б' сынып оқушылары жазушының еңбек жолы мен шығармаларын таныстырып, " Шақан- Шері" романын талдадық. Оқушылардың осындай керемет кітапты оқып, өзара талдау жасағаны өте әсерлі болды. Басты кейіпкер Шақанның тағдыры оқырман конференциясына қатысқан 11"Ә" сынып оқушыларына ұнады.
Осындай мықты оқырмандарымыз көп болсын!
Іс- шараға белсене қатысқаны үшін
8"Б" сынып оқушыларына мың алғыс!
"8 минуттық кітап оқу жобасы" бойынша аясында оқыған кітаптарын талдау
2025 жылы "Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында мектеп кітапханасына
3800983 теңгеге 1394 дана жаңа кітап қабылданды. Әр жастағы балаларға ертегілер, лиро- эпостық жырлар, ұлы классиктердің шығармалары және әлем әдебиетінің керемет туындылары, фантази жанрындағы кітаптар келіп, оқырмандарымыз жаңа кітап оқуда.