«ДОС БОЛАЙЫҚ» – ДОСТЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ
Мектебімізде оқушылар арасында өзара сыйластықты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-біріне құрметпен қарау және қолдау көрсету мәдениетін дамыту мақсатында «Дос болайық» бағдарламасы аясында сыныппен жұмыс жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушылар достықтың қадірі, бірлік пен татулықтың маңызы туралы ой бөлісіп, өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделген қарым-қатынастың маңызын талқылады. Түрлі қызықты тапсырмалар мен пікір алмасулар арқылы оқушылар бір-бірін тыңдауға, қолдауға және жағымды қарым-қатынас орнатуға бағытталған жұмыстарға белсенді қатысты. 🌟 #dosbollike #білім #досболайық #мектепөмірі
https://www.instagram.com/p/Dc-iug9jc6h/?hl=ru&img_index=1
Буллинг пен құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет
07-қыркүйек 2026 жылы Астана қаласы Сарыарқа ауданы полиция басқармасы ЮПБ инспекторы полиция майоры С.У. Тургунова 5-11 сынып оқушылармен буллингтің және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында қорлау, кемсіту, күш көрсету, бопсалау, кибербуллинг және бөтеннің мүлкіне зиян келтіру әрекеттерінің салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Оқушыларға мектептегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, өзара сыйластық таныту, жанжалдан аулақ болу және күмәнді жағдайларда мәселені жасырмай, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне, психологке немесе ата-анасына хабарлау қажеттігі түсіндірілді.
Әрбір оқушының қауіпсіз ортада білім алуға құқығы бар. Буллингке жол бермеу, заң мен тәртіпті сақтау және бір-біріне құрметпен қарау – баршамызға ортақ жауапкершілік. «Құқық бұзушылықтың алдын алу – қауіпсіз болашақтың кепілі!» #тәртіп #мектеп #заң #қауіпсізмектеп #астанамектеп
Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Іс-шара барысында білім алушылар Конституцияның негізгі құндылықтары, адам құқықтары мен міндеттері, заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды. 📚 Адал азамат болу – өз еліңді құрметтеуден, заңды сақтаудан және өз ісіңе жауапкершілікпен қараудан басталады.
Жас ұрпақтың бойына біліммен қатар адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік және қоғамдық құндылықтарды сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
🇰🇿 Конституция – ел бірлігінің, тұрақтылықтың және жарқын болашақтың берік негізі!#адалазамат #мектеп #астанамектеп #сыныпсағаты
Бүгін, 4 қыркүйек күні Тілдер мерекесіне орай мектебімізде «Тіл – ұлттың жаны» атты іс-шара және зияткерлік сайыс өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру, білімдерін жетілдіру және оқушылардың ойлау қабілеті мен тапқырлығын дамыту.
Бүгінгі іс-шараға 1 «Д», 2 «В», 7 «Б», 7 «В» сыныптарының оқушылары белсенді қатысып, ән айтып, мәнерлер өлеңдер оқып және де өз білімдері мен шапшаңдықтарын көрсетті.
Іс-шара ары қарай зияткерлік сайыспен жалғасты.
Қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсіп, қазақ тілі, әдебиет және жалпы білімге қатысты қызықты сұрақтарға жауап берді.
Сайыс барысында оқушылар өзара білім жарыстырып қана қоймай, топпен жұмыс жасау, жылдам шешім қабылдау және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын көрсетті.
Іс-шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталып, оқушыларға алғыс білдірілді.
Тіл – халықтың рухани қазынасы, ұлттың болмысын айқындайтын баға жетпес құндылық. Ана тілімізді құрметтеу – әрқайсымыздың парызымыз!
Бүгінгі іс-шараға жауапты болған мұғалімдер:
Бакишева М, Серік Д, Аманкелді Ш, Нурушова Ж өз алғысымызды білдіреміз!
https://www.instagram.com/p/Dc3bvyyjcUk/?hl=ru&img_index=1
#ТілдерМерекесі
#ТілҰлттыңЖаны
#ЗияткерлікСайыс
#ҚазақТілі
#тілгеқұрмет
№1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
https://www.instagram.com/p/DcvTVh3jemY/?hl=ru&img_index=2
«Білім беру жүйесінің стратегиялық дамуы: конституциялық құндылықтар, жасанды интеллект және адами капитал» тақырыбында №68 мектеп-гимназиясында педагогикалық кеңес өтті.
Жиында білім беру сапасын арттырудың заманауи бағыттары, педагогтің кәсіби және цифрлық құзыреттілігін дамыту, оқу үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі жауапты қолдану мәселелері кеңінен қарастырылды.
Педагогикалық кеңесте цифрлық сауаттылық, цифрлық педагогика, жасанды интеллект құралдарын орынды пайдалану және оқу сапасын арттыру бағыттарына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ақпараттың дұрыстығын тексеру, академиялық адалдықты сақтау, дербес деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Жиын барысында педагогтерге арналған әдістемелік жұмыстың кезеңдік моделі ұсынылып, тәжірибеде қолдану, талдау және үздік тәжірибені тарату тетіктері айқындалды.
Басты ұстаным:
«Жасанды интеллект педагогті алмастырмайды, педагогтің мүмкіндігін кеңейтеді.»
Білім беру саласындағы басты мақсатымыз – технологияны қолдану емес, технология арқылы оқушының мүмкіндігін дамыту, сапалы білім мен саналы тәрбиеге жол ашу.
«Технологияны емес, технология арқылы оқушының мүмкіндігін дамыту».
#ПедагогикалықКеңес
#№68МектепГимназиясы
#ЦифрлықҚұзыреттілік
#ЖасандыИнтеллект
#СапалыБілім
#АдамиКапитал
#КонституциялықҚұндылықтар
🌿 Таза Қазақстан – таза мектеп, таза орта!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары барысында мектебіміздің барлық қызметкерлері бірлесе отырып, жаппай сенбілікке шықты.
Тазалық – ортақ мәдениет, ал таза мектеп – жарқын білім ордасының айнасы. Ұжымдық еңбек арқылы мектеп аумағы жарқырап, жаңа оқу жылын таза да көрікті ортада қарсы алуға дайындық жасалды.
Тазалықты сақтайық, туған жерді аялайық! 🇰🇿🌱
Бүгін Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы мен Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық шығармашылық орталығы» МКҚК арасында екіжақты келісімге қол қойылды.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі елдің тірегі. Жас ұрпаққа сапалы білім беріп, олардың қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту – ортақ міндет.
Осы мақсатта екі білім беру ұйымы арасында оқушылардың өзара ынтымақтастығын дамытуға бағытталған екіжақты келісім.
Келісім аясында оқушылар арасында білім, ғылым, өнер, спорт және шығармашылық бағыттарда бірлескен жобалар мен іс-шаралар ұйымдастыру, тәжірибе алмасу, зияткерлік байқаулар мен кездесулер өткізу көзделеді.
Сонымен қатар оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, командалық жұмыс дағдыларын дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, достық пен өзара құрметті нығайтуға ерекше мән беріледі.
Бұл келісім – екі білім ордасының ғана емес, болашаққа ұмтылған жас ұрпақтың басын біріктіретін маңызды қадам.
Біліммен қаруланған, елін сүйген, адалдықты ту еткен ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!
#Ынтымақтастық #СапалыБілім #АдалАзамат #ҰлттықҚұндылық
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына, 2025 жылғы 19 мамырдағы енгізілген өзгерістер мен қосымшаға сәйкес)
Мектеп формасының түсі – қою көк.
Форманың үлгісі классикалық стильде сақталады. Мектепте оқушылар үшін бірыңғай қою көк түсті мектеп формасына көшу енгізілді
📌Ұл балаларға арналған мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, ақ түсті салтанатты көйлек, күнделікті ақ көйлек, (суық мезгілде: тоқыма жилет, ақ водолазка). Ұл балалардың шалбары кең пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың сирақтарын жауып тұрады.Ұсынылатын ең аз жинақ: көйлек, жилет және шалбар.
📌Қыз балаларға арналған мектеп формасы:
пиджак, жилет, белдемше, шалбар,классикалық ақ блузка, сарафан (суық мезгілде: тоқыма жилет, ақ водолазка). Қыз балалардың шалбары кең пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың сирақтарын жауып тұрады.
Белдемшенің ұзындығы – кеңсе үлгісінде, тізеден 5 см жоғары болмауы керек.
📌Ата-аналар мектеп формасының ұсынылған үлгісі бойынша кез келген сауда орнынан мектеп формасын сатып алуды өздері таңдайды.
🛑Ескерту: Әртүрлі дін өкілдерінің діни киім элементтерін мектеп формасына қосуға жол берілмейді.
https://www.instagram.com/p/Db9-VCpDdiv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@jenis_qasymbek
@k.sengazyyev_official
@bilimastana
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
2026–2027 оқу жылына орай «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Жалпыға міндетті білім беру» (Всеобуч) қоры есебінен материалдық көмек алуға құжаттарды қабылдау басталды.
💰 Материалдық көмек мөлшері – 50 851 теңге.
Материалдық көмек төмендегі санаттағы білім алушыларға көрсетіледі:
🔹 атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардың балалары;
🔹 жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары;
🔹 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
🔹 төтенше жағдай салдарынан көмекке мұқтаж отбасылардың балалары;
🔹 өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың балалары (Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).
📄 Құжаттар ҚР заңнамасына сәйкес қабылданып, Қамқоршылық кеңесінің қарауына ұсынылады.
📌 Қажетті құжаттар тізімін сынып жетекшісінен немесе мектеп әкімшілігінен ала аласыздар.
🤝 Балаларымыздың жаңа оқу жылын толық дайындықпен қарсы алуына бірге қолдау көрсетейік!
Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы
#МектепкеЖол2026
#ЖалпығаМіндеттіБілімБеру
#Всеобуч
#68МектепГимназиясы
01.06.2026–12.06.2026 аралығында өткізілген мектеп жанындағы «Күн шуақ» жазғы лагерінің жабылу салтанаты өткізілді. 🎉🎊
✨ Лагерьдің соңғы күні ерекше көңіл-күймен өтіп, балалар жаз бойы алған әсерлерімен бөлісті. Осы уақыт аралығында оқушылар 🎨 шығармашылық жұмыстарға қатысып, ⚽ спорттық жарыстарда бақ сынап, 🧩 танымдық ойындар арқылы білімдерін толықтырды.
🎤 Жабылу салтанатында лагерь тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, 🎶 ән айтып, 💃🕺 би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Белсенді қатысқан оқушылар 🏅 марапатталып, оларға алғыс хаттар табысталды. 🎁👏
🌟 «Күн шуақ» лагері балаларға жаңа достар табуға 🤝, қызықты демалыс өткізуге 🏕️ және жарқын естеліктер жинауға мүмкіндік берді. 💛
☀️ Барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, қызықты демалыс және жаңа жетістіктер тілейміз! 🌈✨
https://www.instagram.com/reel/DZezKE9zUns/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Speak Up» ағылшын тіліндегі жазғы лагерінде оқушылардың коммуникативтік дағдыларын арттыру, жұппен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында қорытынды қызықты күн өтті.
Іс-шара барысында оқушылар өзара жұптарға бөлініп, тілдесу мен шапшаңдықты талап ететін интерактивті ойындарға белсене қатысты. Бұл кезең балалардың бір-бірін тыңдау, бірлесіп шешім қабылдау және ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын шыңдай түсті.
Күннің екінші бөлігінде оқушылар өздерінің қиялы мен шығармашылық идеяларына ерік беріп, «My dream summer» (Менің армандаған жазым) тақырыбында жарқын суреттер салды. Әр бала өзінің болашақ демалысы мен саяхаттары туралы ойларын ақ қағазға түсіріп, ағылшын тілінде қорғап шықты.
Күннің қорытынды бөлігінде лагерь бағдарламасын сәтті тәмамдап, белсенділік танытқан барлық оқушыларға лагерьге қатысқаны туралы арнайы сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, күнді көтеріңкі көңіл-күймен аяқтады.
Жетекшілері:
Турсинова А.
Қалыбек Т.